Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина көлемі 30 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 30 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 15 қараша күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 276 356 доза вакцина қолданылған болып, оның 146 301 адам бірінші доза, 78 966 азамат екінші дозада, 51 089 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 30 011822 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 15 700898, ІІ компонентін 9 441164, ІІІ компонентін алғандар 4 869 760 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Министрлік дерегінше, қазіргі уақытта елдегі COVID-19-ға қарсы вакцинаның І компонентін алғандар 73,2 пайызды құрауда.