Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 5 миллион дозаға жетті
12:02 / 2021-07-13

Өзбекстанда 12 шілде күні COVID-19-ға қарсы жалпы 138 915 доза вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 105 326 адам бірінші доза, 17 041 азамат екінші дозада, 16548 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 996 862 дозасы егілді. 

Осы күнге дейін толықтай вакцина алған азаматтар саны 921 623-ті құрауда.

Қолданылған екпенің І компонентін 3 057 120, ІІ компонентін 1 436 293, ІІІ компонентін 503 449 азамат қабылдағаны, айтылған министрлік хабарында.

12 шілде күнгі вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:

Ферғана облысы (22 431 доза),

Наманган облысы (21 647 доза),

Әндіжан облысы (14 962 доза).

Ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтарда да осы үш облыс көш батап тұр:

Наманган облысында 630 705 доза,  

Ферғана облысында 627 250 доза,

Әндіжан облысында 571 655 доза.