Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 43,1 миллион дозадан асты
12:23 / 2022-02-15

Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 43,1 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 14 ақпан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 79 890 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 43 102 126 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 545 501, ІІ компонентін 15 021 734, ІІІ компонентін алғандар 8 534 891 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 91,1 пайызды, ал толық қабылдағандар саны 70,4 пайызға жеткен.