Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 40,5 миллион дозадан асты
13:22 / 2022-01-15

Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 40,5 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 14 қаңтар күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 142 800 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 40 523 723 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 031 472, ІІ компонентін 14 066 320, ІІІ компонентін алғандар 7 425 931 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 88,7 пайызды құрауда.

14 қаңтар күнгі жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 683 621 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.