Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 33,6 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 33,6 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 29 қараша күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 265 441 доза вакцина қолданылған болып, оның 109 197 адам бірінші доза, 107 095 азамат екінші дозада, 49 149 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 33 672 515 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 17 487 499, ІІ компонентін 10 688 905, ІІІ компонентін алғандар 5 496 111 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті халықтың COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 81,5 пайызды құрауда.