Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 25 миллион дозадан асты
11:25 / 2021-10-24

23 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 191 845 доза вакцина қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 64 044 адам бірінші доза, 71 765 азамат екінші дозада, 56 036 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазірге келіп Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 25 101 646 дозасы егілген. Олардан екпенің І компонентін 13 213 836, ІІ компонентін 7 997 410, ІІІ компонентін 3 890 400 азамат қабылдағаны айтылады министрлік хабарында.

Вакцинация статистикасына сай, ел аумағында Ферғана, Наманган, Әндіжан, Самарқанд, Сұрхандария және Ташкент облыстарында 2 млн дозадан астам вакцина қолданылған.