Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 24,7 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы 1 сәуірден басталған жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 24,7 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 21 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 203 770 доза вакцина қолданылған болып, оның 69 800 адам бірінші доза, 79 966 азамат екінші дозада, 54 004 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 710 357 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 13 081 265, ІІ компонентін 7 849 760, ІІІ компонентін алғандар 3 779 332 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар қатарында: Ферғана, Наманган, Әндіжан, Самарқанд, Ташкент облыстарында 2 млн дозадан астам вакцина қолданылды.