Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 24 миллион дозадан асты
11:05 / 2021-10-19

Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 24 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 18 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 240 105 доза вакцина қолданылған болып, оның 88 868 адам бірінші доза, 88 577 азамат екінші дозада, 62 660 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 087 004 дозасы егілді.  

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 12 861 301, ІІ компонентін 7 613 138, ІІІ компонентін алғандар 3 612 565 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 5 789 691 құрауда.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта елдің Ферғана, Наманган, Әндіжан, Самарқанд, Сұрхандария, Ташкент облыстарында жалпы қолданылған вакцина мөлшері 2 млн дозадан асқан.