Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 22 миллион дозаға жуықтады
12:06 / 2021-10-08

Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 21,9 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 7 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 232 710 доза вакцина қолданылған болып, оның 102 941 адам бірінші доза, 63 251 азамат екінші дозада, 66 518 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазіргі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 21 978 290 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 12 025 985, ІІ компонентін 6 965 187, ІІІ компонентін алғандар 2 987 118 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 4 941 860 құрауда.

7 қазандағы статистика бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:

  • Сұрхандария облысы (40 442 доза),
  • Наманган облысы (23 689 доза),
  • Ташкент облысы (21 529 доза).

Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:

  • Ферғана облысында 2 381 681 доза,
  • Әндіжан облысында 2 339 648,
  • Наманган облысында 2 302 430 доза.