Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 20 миллион дозаға жуықтады
11:24 / 2021-09-28

Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 19,9 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 27 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 300 239 доза вакцина қолданылған болып, оның 138 709 адам бірінші доза, 89 118 азамат екінші дозада, 72 412 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 19 969 345 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 11 085 296, ІІ компонентін 6 421 897, ІІІ компонентін алғандар 2 462 152 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 4 283 645 құрауда.

Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар қатарында Ферғана, Әндіжан, Наманган облыстарында 2 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

Ферғана облысында 2 198 785 доза,

Әндіжан облысында 2 175 070 доза,

Наманган облысында 2 126 158 доза.