Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 18,5 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 18,5 миллион дозадан астам вакцина қолданылды. Ал, Ферғана, Әндіжан, Наманган облыстарында 2 миллионнан астам екпе жасалды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 20 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 253 360 доза вакцина қолданылған болып, оның 103 804 адам бірінші доза, 97 315 азамат екінші дозада, 52 241 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 18 526 941 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 10 503 933, ІІ компонентін 5 925 628, ІІІ компонентін алғандар 2 097 380 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 3 756 976 құрауда.
Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар қатарында Ферғана, Әндіжан, Наманган облыстарында 2 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
- Ферғана облысында 2 069 784 доза,
- Әндіжан облысында 2 018 666 доза,
- Наманган облысында 2 008 565 доза.