Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 17 миллион дозадан асты
Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 17,1 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 13 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 318 412 доза вакцина қолданылған болып, оның 88 831 адам бірінші доза, 161 110 азамат екінші дозада, 68 471 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 17 179 579 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 10 080 278, ІІ компонентін 5 305 013, ІІІ компонентін алғандар 1 794 279 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 3 244 580 құрауда.
Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
- Ферғана облысында 1 944 558 доза,
- Наманган облысында 1 872 820 доза,
- Әндіжан облысында 1 860 957 доза.