Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина 16 миллион дозадан асты
2021 жылдың 1 сәуірінен бастау алған Өзбекстандағы жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы 16,2 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 9 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 320 394 доза вакцина қолданылған болып, оның 65 568 адам бірінші доза, 202 021 азамат екінші дозада, 52 805 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 16 298 534 дозасы егілді. Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 9 853 541, ІІ компонентін 4 832 365, ІІІ компонентін алғандар 1 612 628 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Бүгінге дейін республикада толық вакцина қабылдаған азаматтар саны 2 884 433 құрауда.
9 қыркүйектегі статистика бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:
- Самрқанд облысы (66 656 доза),
- Әндіжан облысы (36 084 доза),
- Ферғана облысы (29 255 доза).
Республика аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
- Ферғана облысында 1 866 297 доза,
- Наманган облысында 1 797 341,
- Әндіжан облысында 1 752 700 доза.