Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда індетке қарсы азаматтарға қосымша вакцина егіледі
15:15 / 2021-11-22

Өзбекстанда екпенің толық курсын алған (2 немесе 3 рет егілген) азаматтар ерікті түрде коронавирусқа қарсы қосымша (бустер) дозаны қабылдайды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқау хатына сәйкес, 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап азаматтар өз еркімен бустер дозасын салдырмақ.

Бұл тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті арттыру мақсатында жасалып жатқаны айтылады хабарламада.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда вакцинаның 31,4 миллионнан астам дозасы қолданылған. Қазірге дейін вакцинацияға қабілетті халықтың 76,7% бірінші дозаны алды.