ВАКЦИНАЦИЯ: Өзбекстанда коронавирустық екпе алғандар саны 1 миллионнан асты
Өзбекстанда халықты жаппай вакциналау аясында бүгінге дейін жалпы 1 009 510 азаматқа екпе жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 5 мамырда бүкіл ел бойынша 45 616 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілген. Олардың 34 089-ы алғашқы доза алған болса, 11 527-сі вакцинаның екінші дозасын салдырған.
Осылайша, бүгінгі таңда республикада 1 миллион 9510 азамат вакциналанған. Оның 32533-і екінші доза алғандар.
Елдегі вакцинация аясында үш түрлі препарат қолданылуда. Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады. 2021 жылдың 1 мамырынан бастап вакцинаның бірінші кезеңін алған азаматтарға оның екінші дозасымен вакцина егу процесі бастады.