Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ВАКЦИНАЦИЯ: Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1,5 миллионнан асты
12:16 / 2021-05-22

Өзбекстанда халықты жаппай вакциналау аясында бүгінге дейін жалпы 1 558 439 азаматқа екпе жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 21 мамырда бүкіл ел бойынша 46 018 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілген. Олардың 15 046-ы алғашқы доза алған болса, 30 972-сі вакцинаның екінші дозасын салдырған.

Бүгінгі күнге дейін Өзбекстанда коронавирустық вакцинаның 1 558 439 дозасы қолданылған, оның 389 080 дозасын екінші кезеңде жұмсалған. Тиісінше, елдегі вакцинацияның толық компонентін алғандардың жалпы саны 1 169 359 құрауда.

Республика бойынша вакцинация аясында үш түрлі препарат қолданылуда (өзбек-Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V). Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады. 2021 жылдың 1 мамырынан бастап вакцинаның бірінші кезеңін алған азаматтарға оның екінші дозасымен вакцина егу процесі басталған болатын.