Вакцинация: Өзбекстанда коронавирусқа қарсы емделгендер саны 2,7 миллионнан асты
Өзбекстанда халықты жаппай вакциналау аясында бүгінге дейін жалпы 4 614 894 вакцина дозасы қолданылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 8 шілде бүкіл ел бойынша 122 529 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілген. Олардың 88 574-і алғашқы доза алған болса, 17 116-сы вакцинаның екінші дозасын, ал 16 839-і үшінші доза салдырған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 4 614 894 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 2 769 107, ІІ компонентін 1 387 048, ІІІ компонентін 458 739 азамат толық қабылдаған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
Наманган облысында 574 236 доза,
Ферғана облысында 559 892 доза,
Әндіжан облысында 531 112 доза.