Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда коронавирусқа қарсы емделгендер саны 2,1 миллионнан асты
11:45 / 2021-07-01

Өзбекстанда халықты жаппай вакциналау аясында бүгінге дейін жалпы 3 680 361 вакцина дозасы қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 30 маусымда бүкіл ел бойынша 138 919 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілген. Олардың 83 344-і алғашқы доза алған болса, 24 730-ы вакцинаның екінші дозасын, ал 30 845-і үшінші доза салдырған.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 3 680 361 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 2 158 045, ІІ компонентін 1 224 271, ІІІ компонентін 298 045 азамат толық қабылдаған.

1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді. 

Наманган облысында 442 315 доза,

Ферғана облысында 423 601 доза,

Әндіжан облысында 408 816 доза.