English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда екпеге қабілетті халықтың 75 пайыздан астамы толық вакцина алды
11:20 / 2022-04-12

Өзбекстандағы жаппай вакцинациялау науқаны аясында екпеге қабілетті халықтың 93 пайыздан астамы алғашқы доза қабылдады.

ДСМ-нің хабарлауынша, 11 сәуір күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 127 425 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 49 531 402 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 996 559, ІІ компонентін 16 067 802, ІІІ компонентін алғандар 13 467 041 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 93,2 пайызға, ал толық вакцина алғандар 75,4 пайызға жетті.