Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда екпеге қабілетті халықтың 74,5 пайызы толық вакцина алды
11:15 / 2022-03-29

Өзбекстандағы жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 48,1 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 28 наурыз күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 113 097 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 48 137 825 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 830 216, ІІ компонентін 15 882 670, ІІІ компонентін алғандар 12 424 939 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 92,4 пайызға жеткен.