Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда екпеге қабілетті халықтың 74 пайызға жуығы толық вакцина алды
11:04 / 2022-03-17

Өзбекстандағы жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 47,3 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 16 наурыз күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 126 039 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 47 358 714 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 787 413, ІІ компонентін 15 760 130, ІІІ компонентін алғандар 11 811 171 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 92,2 ал, толық егілгендер саны 73,9 пайызға жеткен.