Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда екпеге қабілетті халықтың 72 пайыздан астамы толық вакцина алды
12:42 / 2022-03-01

Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 45,8 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 28 ақпан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 120 498 доза вакцина қолданылған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 45 877 009 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 690 373, ІІ компонентін 15 446 895, ІІІ компонентін алғандар 10 739 741 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 91,8 пайызды ал, толық егілгендер саны 72,4 пайызға жеткен.