Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 2,7 млн дозадан астам вакцина қолданылды
11:13 / 2021-06-17

16 маусым күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 44 543 дозалы вакцина қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 20 607 адам бірінші доза, 12 867 азамат екінші дозада, 11 039 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазірге келіп Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 739 571 дозасы егілген. Олардан екпенің І компонентін 1 644 371, ІІ компонентін 1015 786, ІІІ компонентін 796 414 азамат қабылдады, делінген министрлік хабарында.

Вакцинация статистикасына сай, ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабының үш облысы, науқан басталғалы көш басында келеді.

Ферғана облысында 325 333 доза,

Наманган облысында 317 337 доза,

Әндіжан облысында 315 477 доза.

Бұған дейін Өзбекстанға әкелінген вакцинаның жалпы қоры туралы ақпарат берілген еді. Оған байланысты елдегі вакцина қоры 5,4 млн дозаны құрауда.