Вакцинация: Өзбекстанда 816 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын қабылдады
Өзбекстанда 12 мен 18 жас аралығындағы 816 мыңнан астам балалар ерікті түрде Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдады.
ДСМ-нің мәліметінше, 16 ақпандағы жағдай бойынша республикада 12 мен 18 жас аралығындағы 816 745 балаға ерікті түрде Pfizer вакцинасы егілді.
Атап айтқанда, Ферғана (184 988 доза), Самарқанд (111 063 доза), Әндіжан (91 600 доза) облыстарында балаларды коронавирусқа қарсы егу барысының қарқыны жоғары.
Ал, жаппай вакцинация бойынша республикада екпеге қабілетті халық арасында бүгінге дейін 44 481 659 дозалы вакцина қолданылған.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 576 115, ІІ компонентін 15 093 558, ІІІ компонентін алғандар 9 811 986 жеткені айтылады министрлік хабарында.