Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда 8 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
12:07 / 2021-08-03

Өзбекстанда 2 тамыз күні COVID-19-ға қарсы жалпы 327 628 доза вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 243 493 адам бірінші доза, 63 521 азамат екінші дозада, 20 614 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 8 009 376 дозасы егілді. Қолданылған екпенің І компонентін 5 231 451, ІІ компонентін 1 992 981, ІІІ компонентін яғни толық алғандар 1 232 807 жеткені айтылады министрлік хабарында.

2 тамызда вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:

  • Сұрхандария облысы (45 849 доза),
  • Әндіжан облысы (35 948 доза),
  • Ташкент облысы (32 780 доза).

Ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:

  • Ферғана облысында 1 016 629 доза, 
  • Наманган облысында 1 008 929 доза,
  • Әндіжан облысында 889 893 доза.