Вакцинация: Өзбекстанда 664 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын қабылдады
Өзбекстанда 12 мен 18 жас аралығындағы 664 мыңнан астам балалар ерікті түрде Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдады.
ДСМ-нің мәліметінше, 7 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 12 мен 18 жас аралығындағы 664 409 балаға ерікті түрде Pfizer вакцинасы егілді.
Атап айтқанда, Ферғана (162 500 доза), Самарқанд (106 81 доза), Әндіжан (74 088 доза) облыстарында балаларды коронавирусқа қарсы егу барысының қарқыны жоғары.
Ал, жаппай вакцинация бойынша республикада екпеге қабілетті халық арасында бүгінге дейін 39 658 94 дозалы вакцина қолданылған.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 894 934, ІІ компонентін 13 720 709, ІІІ компонентін алғандар 7 043 664 жеткені айтылады министрлік хабарында.