Вакцинация: Өзбекстанда 53 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
Өзбекстанда халықты жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 53 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 16 мамыр күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 137 137 доза вакцина қолданылған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 53 126 331 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 304 094, ІІ компонентін 16 397 423, ІІІ компонентін алғандар 16 424 814 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 94,6 пайызға жеткен.