2021 жыл 11 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 287 400 доза вакцина егілді. Оның ішінде 106 630 І доза, 84 420 азамат ІІ доза, 96 350-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 сәуірінден басталған вакцинация науқаны аясында бүгінге дейін жалпы 22 721 129 млн доза вакцина қолданылған.
Олар қатарында екпенің І компонентін 12 328 430, ІІ компонентін 7 176 562, ІІІ компонентін 3 216 137 азамат толық қабылдаған.
Бүгінге дейін республикада 5 226 139 азамат толық вакцина алған.
Статистика бойынша, ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
- Ферғана облысында 2 441 097 доза,
- Әндіжан облысында 2 390 858 доза,
- Наманган облысында 2 373 097 доза.
Қазіргі уақытта Республикада 5 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V, Moderna және Pfizer/BioNTech) тіркеуден өткен.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жақын күндері ДДСҰ қолдануға рұқсат еткен «Синовак» екпесі елге әкелінетіні жайлы хабарлады.