Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда 52 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
11:19 / 2022-05-06

Өзбекстанда халықты жаппай вакцинациялау науқаны аясында бүгінге дейін республикада 52 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 5 мамыр күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 1159 226 доза вакцина қолданылған.

Қазіргі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 52 096 131 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 279 284, ІІ компонентін 16 301 886, ІІІ компонентін алғандар 15 514 961 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, республика бойынша екпеге қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 94,5 пайызды, ал толық қабылдағандар саны 76,6 пайызды құрауда.