Вакцинация: Өзбекстанда 4,3 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
Өзбекстанда 6 шілде күні COVID-19-ға қарсы жалпы 136 288 доза вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 93 358 адам бірінші доза, 20 916 азамат екінші дозада, 22 014 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 361 222 дозасы егілді. Қолданылған екпенің І компонентін 2 590 620, ІІ компонентін 1 348 382, ІІІ компонентін 422 220 азамат қабылдағаны, айтылады министрлік хабарында.
6 шілдеде вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:
Наманган облысы (21 329 доза),
Ферғана облысы (20 821 доза),
Әндіжан облысы (20 633 доза),
Самарқанд облысы (14 236 доза).
Ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
Наманган облысында 535 872 доза,
Ферғана облысында 515 597 доза,
Әндіжан облысында 497 478 доза.