Вакцинация: Өзбекстанда 391 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын қабылдады
Өзбекстанда 12 мен 18 жас аралығындағы 391 мыңнан астам балалар ерікті түрде Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдады.
ДСМ-нің мәліметінше, 25 қарашадағы жағдай бойынша республикада 12 мен 18 жас аралығындағы 391 076 балаға ерікті түрде Pfizer вакцинасы егілді.
Атап айтқанда, Ферғана (82 624 доза), Наманган (57 673 доза), Әндіжан (56 600 доза) облыстарында балаларды коронавирусқа қарсы егу барысының қарқыны жоғары.
Ал, жаппай вакцинация бойынша республикада екпеге қабілетті хадық арасында бүгінге дейін 32 803 308 дозалы вакцина қолданылған.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 17 098 127, ІІ компонентін 10 360 453, ІІІ компонентін алғандар 5 344 728 жеткені айтылады министрлік хабарында.