Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда 3,4 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
12:02 / 2021-06-29

Өзбекстанда 28 маусым күні COVID-19-ға қарсы жалпы 128 521 доза вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 65 652 адам бірінші доза, 29 293 азамат екінші дозада, 33 576 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 409 257 дозасы егілді. Қолданылған екпенің І компонентін 1 998 627, ІІ компонентін 1 174 587, ІІІ компонентін 236 043 азамат қабылдағаны, айтылады министрлік хабарында.

28 маусымдағы вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:

Ферғана облысы (19 634 доза),

Наманган облысы (15 757 доза),

Әндіжан облысы (13 384 доза),

Қашқадария облысы (12 414 доза),  

Ташкент қаласы (10 377 доза).

Ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:

Наманган облысында 411 078 доза,  

Ферғана облысында 394 550 доза,

Әндіжан облысында 379 618 доза.