21 маусым күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 47 882 дозалы вакцина қолданылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 21 163 адам бірінші доза, 14 641 азамат екінші дозада, 12 078 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазірге келіп Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 918 909 дозасы егілген. Олардан екпенің І компонентін 1 723 372, ІІ компонентін 1 068 278, ІІІ компонентін 127 259 азамат қабылдады, делінген министрлік хабарында.
21 маусым күнгі жағдай бойынша, ең көп вакцина егілген аймақтар қатарында Наманган облысы (7179 доза), Самарқанд облысы (5071), Ферғана облыстары (5042 доза) орын алған.
Вакцинация статистикасына сай, ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабының үш облысы, науқан басталғалы көш басында келеді.
Ферғана облысында 344 657 доза,
Наманган облысында 340 317 доза,
Әндіжан облысында 332 141 доза.