Вакцинация: Өзбекстанда 10,6 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
Өзбекстанда 9 тамыз күні COVID-19-ға қарсы жалпы 638 058 доза вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 558 416 адам бірінші доза, 69 138 азамат екінші дозада, 10 504 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде Республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 10 663 284 дозасы егілді. Қолданылған екпенің І компонентін 7 387 495, ІІ компонентін 2 377 313, ІІІ компонентін яғни толық алғандар 1 360 237 жеткені айтылады министрлік хабарында.
9 тамызда вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:
- Самарқанд облысы (115 524 доза),
- Қашқадария облысы (73 505 доза),
- Әндіжан облысы (66 409 доза).
Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
- Наманган облысында 1 244 319 доза,
- Ферғана облысында 1 240 161 доза,
- Әндіжан облысында 1 158 987 доза.