ВАКЦИНАЦИЯ: Өткен тәулікте Өзбекстанда 50 мыңнан астам азаматқа коронавирусқа қарсы екпе жасалды
10 мамыр күні Өзбекстанда жалпы 50 581 адамға COVID-19-қа қарсы вакцина егілді. Оның ішінде 17 020 бірінші доза, 33 561 екінші дозамен вакцинацияланды.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирусқа қарсы 1 173 978 доза вакцина қолданылған, оның 116884 дозасы екінші кезеңде қолданылған.
10 мамыр күнгі вакцинация процесі бойынша аймақтар арасында Ферғана (8773 доза), Әндіжан (7651 доза), Наманган облыстары (7571 доза) үздік нәтиже көрсеткен болып, елдегі жалпы вакцина науқаны кезеңінде де осы облыстар халқының саны бойынша да көш басын бастап тұр:
Ферғана облысында 147 963 доза,
Андижан облысында 147 827 доза,
Наманган облысында 130 420 доза.
1 мамырда Өзбекстанда екпенің екінші айы басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда вакциналанған бірде-бір азаматтан коронавирустың қайта жұқтыру жағдайы анықталған жоқ.