ВАКЦИНАЦИЯ: Өткен тәулікте 50 мыңнан астам азамат коронавирусқа қарсы екпе салғызды
19 мамыр күні Өзбекстанда жалпы 50 179 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина егілді. Оның 13 703 бірінші доза, 36 776 екінші дозамен вакцинацияланған.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жалпы 1 462 491 доза вакцина қолданылған. Оның 332 793 дозасы екінші кезеңде жұмсалған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс көш бастап келеді.
Ферғана облысында 196 255 доза,
Андижан облысында 183 619 доза,
Наманган облысында 162824 доза.