Вакцинация: Республикада вакцинаға қабілетті халықтың 70 пайызына алғашқы доза егілді
Өзбекстанда вакцинаға қабылдауға қабілетті халықтың 70 пайызына алғашқы доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 қараша күні республикада 326 980 доза вакцина қолданылған. Ондағы 187 647 адам бірінші доза, 81 759 азамат екінші дозада, 57 574 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 28 821 483 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 15 021 836, ІІ компонентін 9 131 332, ІІІ компонентін алғандар 4 668 315 жеткені айтылады министрлік хабарында.