Вакцинация: Коронавирусқа қарсы вакциналанған азаматтар саны 650 мыңға жуықтады
Өзбекстанда 1 сәуірден басталған халықты жаппай вакцинациялау аясында қазірге дейін 646 696 азаматқа вакцина егілді.
«28 сәуірде бүкіл ел бойынша 46 317 адамға COVID-19 вакцинасы салынды. Осылайша, бүгінгі күні елде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланған адамдардың саны 646 696-ға жетті», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарында.
Ферғана облысы күндік көрсеткіш бойынша (соңғы тәулікте 7446 адам) және жалпы статистикалық ретте (88320 адам) екпе алғандар азаматтар арасында республикада көш бастауда.

Бұған дейін вакцина коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға салынып жатқан еді, 27 сәуірден бастап мектеп және балабақша қызметкерлері, сондай-ақ созылмалы аурулары бар азаматтарды да вакцинациялау басталды.
Қазір ел аумағында үш түрлі вакцина («Спутник V», «AstraZeneca» және өзбек-қытай «ZF-UZ-VAC 2001» вакцинасы) егілуде.