Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ВАКЦИНАЦИЯ: 8 күн ішінде 83 мыңнан астам азаматқа вакцина егілді
10:33 / 2021-04-09

Өзбекстанда 1 сәуірден басталған халықты жаппай вакцинациялау аясында қазірге дейін 83 076 азаматқа вакцина егілді.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, өткен күні 18 224 кісіге екпе жасалған болып, аймақтар арасында ең көп вакцина алғандар Наманган облысында тіркелді (2698 адам). Қазір бұл олыста вакцина алғандар саны 10 мыңнан асты.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде басталған вакцинациялық жоспар бойынша 3 айда 4 млн ел тұрғынын вакциналау көзделген.