Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ВАКЦИНАЦИЯ: 3 күн ішінде 24 мыңға жуық азаматқа вакцина егілді
10:02 / 2021-04-04

Өзбекстанда 1 сәуірден басталған халықты жаппай вакцинациялау аясында қазірге дейін 23 780 азаматқа вакцина егілді. Жоспар бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, өткен күні 9551 кісіге екпе жасалған болып, олардың 3441-і 65 жастан асқандар және 6110 медицина қызметкерлері. Аймақтар арасында ең көп вакцина алғандар Ташкент қаласына тура келеді (2105 адам).

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде басталған вакцинация барысында алғашқы күні 5018 адам, 2 сәуірде 9211 адамға вакцина салынды. Жоспар бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.