Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
UzLiDeP саяси кеңесінің XIV отырысы өтті
00:19 / 2023-05-13

2023 жылғы 12 мамырда Ташкент қаласында Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Онда 2023 жылдың 9 шілдесінде өтетін Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына UzLiDeP партиясының қатысуы және партияның кезекті Съезінде ұсынылатын партияның кандидаты мәселесі талқыланды.

Жиында UzLiDeP жетекші саяси күш ретінде миллиондаған сайлаушылардың тілегі мен мүддесін ескере отырып, Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына лайықты кандидатпен қатысуы туралы шешім қабылданды. 

Алқалы жиында кейінгі жылдары Мемлекет басшысының басшылығымен барлық салада үлкен реформалар жүзеге асырылғанына ерекше атап өтілді. Қазіргі нарықтық қатынастардың талаптары негізінде кәсіпкерлік қызметті одан әрі ырықтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды, оның ішінде кәсіпкерлердің қызметіне әртүрлі тексерулерге мораторий енгізу, лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіру, , бәсекелестікті қолдау арқылы экономикаға мемлекеттің араласуының шектелгендігі баса айтылды. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы сөз бостандығы жаңа сапа мен ауқымда дамып, ашықтық пен жариялылық мемлекеттік жүйенің негізгі жұмыс принципіне айналғаны айтылды.

Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық және іскерлік орта жасалып, соның нәтижесінде елдегі кәсіпкерлер саны 2 миллионға жуықтап, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны бірнеше есеге артқаны, олардың қатарын кеңейту мақсатында кәсіпкерлердің қатарын көбейту мақсатында 200 мың гектар жері тұрғындарға шаруа қожалықтарына берілуі нәтижесінде 700 мыңнан астам азаматтың өз жерімен кәсіпкер болғаны, әйелдер мен жастардың кәсіпкерлігіне мемлекет тарапынан көмек көрсетілгені, отбасылық кәсіпкерлік дамығаны партия Саяси кеңесі мүшелері тарапынан қолдау тапты. 

Бұдан бөлек, елдергі қарттарды, жастар мен әйелдерді қолдау, кедейлікті азайту, өнеркәсіпті нығайту, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік өсуін қамтамасыз ету, мәдениет пен өнер салаларын дамыту, жалпы алғанда, халықты және олардың мүдделері, адамдардың лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдай жасау жөніндегі жетістіктер сөз болды.

Жиында республикада қол жеткізген жетістіктер Өзбекстанда ғана емес, халықаралық қауымдастық тарапынан да жоғары бағаланып отырғанына ерекше назар аударылды.

Осы жетістіктердің барлығы да сөзсіз Шавкат Миромонович Мирзиёевтің басшылығымен жүзеге асырылған реформалардың жемісі екені айтылды.

Сондай-ақ, ел ертеңі, қиын-қыстау кезеңнің талабы UzLiDeP алдағы Президенттік сайлауда бұл реформалардың табандылық пен нық қадаммен жалғасын табуын қамтамасыз ете алатын, қоғамды реформалаудың қиын жұмысын жаңаша, бірегей кезеңде жалғастыра алатын тұлғаны ұсыну керектігі баса айтылды.

UzLiDeP Саяси Кеңесінің мүшелері бастаған осынау игі істерді бұдан кейін де жалғастыруға, халықты жаңа белестерге жетелеуге лайықты әрі қабілетті, өзінің бүкіл өмірі мен еңбегін Еліміздің одан әрі өркендеуіне арнаған көшбасшы ретінде – Шавкат Миромонович Мирзиёевтің кандидатурасын Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсыну мәселесін партияның кезекті Съезд талқылауына қосуды бірауыздан қолдады.

Жиында партияның облыстық кеңестерінен Съезге өкілдік ету стандартына, Съезді өткізуге қатысты мәселелер де талқыланды.

Отырыс соңында UzLiDeP Саяси Кеңесі партияның сайлауға қатысуына қатысты құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына сайлау туралы заңнамада белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы түрде ұсыну, мекенді жерлерді партияның Съезіне делегаттарды сайлауға байланысты UzLiDeP облыс, аудан және қалалық кеңестерінің конференцияларын өткізу және басқа да қажетті шараларды жүзеге асыру міндеттері белгіленді.

ӨзА