Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша желтоқсан қыс мезгілінің алғашқы айы болса да Өзбекстанда ауа-райы қатты суымайды.
Синоптиктердің болжамынша, бір ай көлемінде суық және жылы толқындар 1-2 рет байқалады, яғни 1 немесе 2 рет қатты суық және ұқсас жылу процесі болуы мүмкін. Ауа-райы айтарлықтай салқындаған кезде, ең төменгі температура 11-16 градусқа дейін төмендейді. Күннің жылуының максималды температурасы 14-16, кей жағдайларда 22-27 градус болуы мүмкін.
Метеорологиялық бақылаудың бүкіл кезеңінде Ташкентте ең суық жағдай желтоқсан түнінде орын алған болып, онда тепература 20-23 градус аяз болған. 1930 жылы желтоқсанда ауа температурасы 27-29 градусқа дейін төмендеді.
Соңғы 10 жылда Ташкенттегі ең төмен температура 2011 және 2012 жылғы желтоқсанда 13 градус аязды көрсеткен. Ал, осы айдағы ең жоғары температура (2012, 2013, 2016) нөлден 23 градусқа дейін көтерілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, осы жылы желтоқсан айындағы ауар-райы орташа көпжылдық температураға жақын болады деп күтілуде.
Желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өзбекстанда жауын-шашын орташа есеппен 5-тен 13 күнге дейін жетуі мүмкін. Соңғы 10 жылдағы ең жоғары ылғалдылық 2013, 2016, 2019 жылдың желтоқсанында тіркелген.
Ауа температурасы бір ай көлемінде түнде 0-5 градустан 2-7 градусқа дейін, күндіз 0-5 градустан 10-15 градусқа дейін өзгереді деп күтілуде. Республиканың солтүстігінде түнде аяз 8-10 градсқа дейін жетуі мүмкін. Айдың екінші жартысында 12-15 градус аяз болуы ықтимал.