«Узгидромет»: Өзбекстанға Кавказдан ылғалды ауа массалары енеді
Республикалық гидрометеорология орталығының хабарлауынша, демалыс күндері Өзбекстан аумағына Кавказдан ылғалды ауа массалары енеді.
4 наурызда республиканың солтүстік-батыс облыстарына Кавказдан ылғалды ауа массалары кіре бастайды. Қарақалпақстан Республикасының кей жерлеринде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.
5 наурызда Өзбекстанның барлық облыстарына ылғалды ауа массасы таралады. Республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысы және Ферғана алқабы облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 21-24 градус шамасында жылы, жаңбыр кезінде 18-20 градус болады.
3-5 наурызда республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде шаң байқалады. 5 наурызда Науаи, Жызақ облыстарында жел секундына 22-25 метрге дейін күшейеді.