Узгидромет: Өзбекстанда температура 46 гардусқа дейін көтеріледі
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, Өзбекстанда ауа температурасы 46 гардусқа дейін көтеріледі.
Хабарда айтылуынша, 3-5 шілде күндері Өзбекстан аймақтарында ауа температурасы күндіз 39-41 градус, солтүстік, оңтүстік және шөлді аумақтарда 42-44 градус болады.
6-8 шілде күндері Иран аймақтарынан ыстық ауаның келуіне байланысты температура одан әрі көтеріліп, ауа температурасы климаттық нормадан 5-8 градус жоғары болады.
Күндіз ауа температурасы 41-43 градусқа дейін, солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда 44-46 градусқа дейін көтеріледі.