«Узгидромет»: Өзбекстанда суық температура апта бойы сақталады
Республикалық гидрометеорология орталығының хабарлауынша, Өзбекстанда суық температура апта бойы сақталады. Республикада жауын-шашын күтілмейді, тек таулы аймақтарда 25 қаңтарда аздаған қар жауады.
23 қаңтарда Өзбекстан аумағына перифериялық суық антициклон әсер етеді. Республиканың барлық аймақтарында ауа райы аздап өзгереді, жауын-шашын күтілмейді.
Күндіз ауа температурасы -3..+2 градус шамасында, кей жерлерде 5 градусқа дейін суық болады.
Суық ауа массасының әсері жұмыс аптасының соңына дейін сақталады. Республикада жауын-шашын күтілмейді, тек 25 қаңтарда республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында кей жерлерде аздап қар жауады.
Түнде ауа температурасы 8-13 градусқа дейін суық болса, кей жерлерде 15-17 градусты аяз болады. Ккүндіз -3...+2, кей жерлерде -5 градус суық болады.
Ел аумағындағы кей жерлерде тұман түседі. Республикалық маңызы бар жолдарда көк тайғақ сақталады.