Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Өзбекстанда күн қатты ысып, температура 27 градусқа дейін жетеді
17:48 / 2022-02-28

Республикалық гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Иран аумағынан Өзбекстан территориясына өте ыстық ауа-райының келуі күтілуде.

Көктемнің алғашқы күні 1 наурызда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды.

2 наурызда дымқыл ауа массасы Ташкент облысы мен Ферғана алқабын қоспағанда, шығысқа қарай жылжиды, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Бұл күні ауа-райы күндіз бұлтты болып, температура 12-17 градустан аспайды.

Аптаның екінші жартысынан бастап Өзбекстанға Ираннан өте ыстық ауа-райының келеуі күтіледі, соның салдарынан жауын-шашынсыз өте жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы күндіз 18-23 градусқа дейін, оңтүстік және шөлді аймақтарда 25-27 градусқа дейін көтеріледі. Бұл осы күндердегі климаттық нормадан 10-12 градусқа жоғары.

4 наурызда өте жылы ауаның қатты ағыны желдің 15-20 м/с күшеюіне әкелуі мүмкін. 28 ақпанда республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.