Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Өзбекстанда бұл апта ауа-райы жауын-шашынды болады
14:15 / 2021-03-01

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда көктемнің алғашқы күні температура 13-14 градус жылылықты көрсетеді.

Ертең күндіз республикада күн бұлтты болады осыған байланысты ауа температурасы күндіз 10-15 градусқа жылы, жауын-шашын болмайды.

3 наурызда республиканың аумағына Иран аймақтарынан ылғалды ауа массалары енеді, көптеген облыстарда аздап жаңбыр жауады, тек Бұхара және Науаиы облыстарында жауын-шашын күтілмейді.  

Солтүстік аймақтарға Кавказдан енетін салқын ауа массалары салдарынан Қарақалпақстанда, Хорезм облысында түнде және таңертең аздап жауын-шашын болады (жаңбыр, қар аралас).

4-5 наурызда Өзбекстан аумағына келетін ылғалды ауа массалары нәтижесінде барлық облыстарда жаңбыр жауады. 4-5 наурызға қараған түні таулы аудандарда күшті нөсер төгуі мүмкін. 5 наурызда Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара және Науаиы облыстарында жауын-шашын болмайды.

Ауа температурасы 3-5 наурызда түнде 0-5 градус, күндіз 10-15 градус шамасында болады, 5 наурызда 8-11 градусқа дейін төмендейді.