Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Өзбекстанда ауа температурасы көтеріледі
19:02 / 2022-02-25

Республикалық гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстанда қыстың соңғы күндері Иран аумағынан келетін ауа ағынының күшеюіне байланысты қыс мезгіліне тән емес өте жылы ауа райы күтілуде.

Ауа температурасы күндіз 17-22 градусқа дейін, оңтүстікте 23-25 ​​градусқа дейін көтеріледі. Бұл осы күндердегі климаттық нормадан 8-10 градусқа жоғары. 

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын байқалмайды. Тек солтүстік облыстарға 27 ақпанда Каспий теңізінен ылғалды ауа массасы келе бастайды. Жексенбі күні Қарақалпақстан, Хорезм облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады.

28 ақпанда республиканың барлық облыстарын ылғалды ауа иелейді. Елдің кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек Ферғана алқабының облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Күндізгі температура аздап төмендейді, бірақ қыстың соңына қарай қалыптыдан жоғары болады.

25-28 ақпанда республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.