English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Өзбекстанда ауа температурасы күрт төмендейді
16:34 / 2022-03-15

Республикалық гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстанда апта соңына қарай ауа температурасы күрт төмендейді.

17-20 наурызда Өзбекстанға Ираннан жылы және ылғалды ауа, одан кейін Еділ бойынан суық ауа массалады келеді деп күтілуде.

17-18 наурызда республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 18 наурызда кей жерлерде жаңбыр қысқа уақыт аралығында қарға айналуы мүмкін.

17 наурызда Бұхара және Науаи облыстарында қатты жаңбыр жауады. 18 наурызда Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарының кей жерлерінде қатты нөсер төгеді.

19-20 наурызда түнде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді, Бұхара, Науаи, Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарының кей жерлерде ауа мен топырақ беті 1-2 градус аяз болуы мүмкін.

Дәл осы күндері Қарақалпақстан, Хорезм облысы және шөлейтті аймақтарда 2-6 градус аяз, Қарақалпақстанның солтүстігінде кей жерлерде 7-10 градус аяз болады.