Узгидромет: Өзбекстанда ауа температурасы 10 градусқа төмендейді
2021 жылдың 12-15 желтоқсанында Өзбекстан аумағына Каспий теңізінен ылғалды, Жайық аумағынан салқын ауа массалары енеді.
Узгидромет орталығының хабарлауынша, 12-14 желтоқсанда республикада өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
12-13 желтоқсанда таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады.
Салқын ауа массаларының әсерінен республикада температура нормадан 8-10 градусқа төмендейді деп күтілуде.
13-15 желтоқсанда ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз болады. Солтүстікте түнде 7-12, кей жерлерде 14-16 градус аязға дейін төмендейді.